Ахметтің таңдауы: «Ақүйді» көрді, Катарға көшті

Ахметтің таңдауы: «Ақүйді» көрді, Катарға көшті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үй тапсырмасы есебінде электронды сағат жасап әкеліп, қамауға алынған америкалық мұсылман оқушы АҚШ-тан көшуге бел байлады. Ол Катарға оқуға жол жүрмек.

14 жасар Ахмет Мұхаммед осы оқиғадан соң ұлттық масштабтағы қаһарманға айналып, АҚШ президенті Барак Обаманың Ақүйінде қонақта болып үлгерді. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы мен Катар араб республикасына да маңызды кездесулерге барды. Көптеген жоғары шенді лауазым иелері Ахметке ризашылық білдіріп, оның ғылым мен техникаға деген қызығушылығына жоғары баға берді.

Алайда, Ахметке ең маңызды ұсыныс Катардан түсті. 9 сынып оқушысына Катар білім мен ғылым қоры арнайы стипендия ұсынып, жас дарындылар бағдарламасы аясында оқуға шақырды.

«Біз отбасымызбен Катарға қоныс аударатын болдық. Ахмет стипендия негізінде толық жоғары сыныпта, сосын жоғары білімнің алғашқы кезеңінде білім алады» деді Ахметтің анасы.

«Мені Катардың білім-ғылым қорының ұсынысы қызықтырды. Онда оқу деңгейі, шынында, жоғары» деп Ахмет Доха сапарындағы қуанышын бөлісті.

Ахмед Мұхаммед Катарға көшу туралы тоқтамға Ақүй басшысы Барак Обамамен кездесуден соң келді. Осыған қарағанда, ғылымға зерек мұсылман оқушыны АҚШ басшысымен кездесуден көрі мұсылман елінде ғылым игеру қызықтырғанға ұқсайды.

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: