#Байзақ: АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ ЖОБАСЫ КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА

#Байзақ: АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ ЖОБАСЫ КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сухамбай ауылдық округінде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында төрт жыл қатарынан көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй пайдалануға беріліп келеді. Ауызбіршіліктің ерен үлгісін таныта білген ағайын «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, көпке үлгі бола білуде. Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков жас отбасын қуанышқа кенелткен сәтке куә болып, аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлының ақ жарма тілегін жеткізді.

Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Дулат Бекбосынұлы, еңбек ардагері Өзембай Бейсенбек, аудандық мәслихаттың депутаты Асылбек Жантаев және «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлы жылы лебіздерін арнады.

Ауылдық округ әкімі аппараты мен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен, ауыл азамттарының көмегімен біткен баспанаға ауылдық округ әкімі А.Мадибаев құттықтау сөзін арнап, үлес қосқандарға алғыс айтты. Бірқатар азаматтар аудан әкімінің, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының және ауылдық округ әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жаңа баспананың лентасын ауыл қариялары Изенбай Етекбаев пен Әліпбай Нұржұмаев салтанатты түрде қиған соң, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Ата-баба рухына ауыл имамы Бекжан Майданбекұлы  Құран аяттарын оқып сауабын бағыштады.

Көптің көмегімен салынған 2 бөлмелі үй жылу жүйесімен, таза ауыз суымен және газбен қамтылған. Қоныс тойын тойлап отырған 4 баланың ата-анасы Қанағат Ермек пен Аруна Олжабекова көпшілікке алғыстарын жеткізді. Осылайша Көкөзек елді мекеніне тағы бір отбасы баспаналы болды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: