Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Әл-Хафиз» мешітіне дауыс зорайтқыш алынды. Ауыл имамы Нұрбай Айтөре бастаған ауыл тұрғындары Алла ұйымшылдығын көрсетіп, Алла үйін әсемдеуге атсалысты.
Алла Тағала Хаж сүресінің 32 аятында: «Кімде-кім Алланың нышандарын (яғни, Құран, Қағба, зәмзәм, құрбандық, намаз, ораза, азан сынды Ислам дінінің айқын белгілерін) лайықты түрде құрмет тұтып ұлықтайтын болса, бұл күмансіз, жүректердің тақуалығынан (яғни, Аллаға деген ерекше сый-құрметінен)» деп бұйырады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



24 Қаңтар 2026
5 Шаабан 1447

