#Қордай: Имамдардың біліктілігін арттыру курстары басталды

#Қордай: Имамдардың біліктілігін арттыру курстары басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» дүнген ұлтты имамдардың сауаттылығын арттыру курстары басталды. Рамазан айына дейін жалғасын табатын курс әр аптада 1 күндік болып бекітілді.

Имамдардың Құран әріптерін шығаруда қателіктерін дұрыстау, Сенім негіздері мен Ғибадат тәртіптерін үйрететін курста дүнген ұлтты имамдарға қазақ тілі сабақтары да өтілуде.

Құран дәрісінен аудан Бас имамы А.А.Егизбаев сабақ берсе, Сенім негіздері мен Ғибадат тәртіптері дәрісінен «Қордай қариларды даярлау орталығының білікті ұстаздары Л.Ибрагим ұстаз мен Хсей Ахмад ұстаз дәріс өтуде.

Дүнген ұлтты имамдарға «Қордай ауданы тіл орталығының» маманы Анара Мұқашқызы қазақ тілін үйретуде!

Имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында басталған курс, әр апта сайын жүздесу арқылы имамдар арасындағы ынтымақ пен бірліктерін де арттырады деген үміттеміз!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: