Қордай аудандық ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Әлімбет Біржан Әбдікерімұлының бастауымен ауылдағы жастар мен колледж студенттеріне «Дінің тұрсын дін аман!» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар да ауданның бас имамы А.А.Егизбаев «Жат ағым жарға жығады!» тақырыбында насихат жүргізді. Жастарға жат ағымнан сақ болуымыз үшін 4 нәрсе ресми (ресми кітап, ресми орын, ресми адам, ресми әлеуметтік желі) болатын болса адаспайтындығымызды жеткізді.
Яғни ҚМДБ тарапынан оң қорытынды алған ресми кітап оқысақ, ресми орын саналатын мешіт-медреселерде ҚМДБ Бас мүфтиі тарапынан бұйрықтандырылған ресми дін мамандарынан білім алсақ, әрі әлеуметтік желілерде ресми парақшалардан мәлімет иеленсек жат ағым жетегінде кетуден аулақ болатынымызды жеткізді.
Жиын соңы жасы жетпістен асқан, ауданға еңбегі сінген қарияға шапан жабумен аяқталды!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



24 Қаңтар 2026
5 Шаабан 1447

