Қордай ауданы имамдары жол апатына түскен «Қордай ауылдық мешітінің» имамы Лукманов Ерлан Тажиденұлының еміне деп қаржылай 500 000 тг жинап берді. Имамдар қауымының бірлігі мен татулығын көрсететін мұндай іс-шараға Дүнген ұлтты имамдар да көмек қолдарын созды.
Науқастың көңілін сұрап барған ауданның бас имамы және Әлжан ана ауылының имамы мен Сортөбе ауылындағы «Хамид бин Бадый» мешітінің имамы, имамдар аманатын табыстады.
Науқастанған имамымызға тез арада сауығып кетіп, қатарымызға қайта қосылуын тілейміз!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



24 Қаңтар 2026
5 Шаабан 1447

