#ҚОРДАЙ: Дүнген ұлтты имамдар қазақ тілін үйренуде

#ҚОРДАЙ: Дүнген ұлтты имамдар қазақ тілін үйренуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» Рамазан айына дейін жалғасатын аптада 1 күндік имамдардың біліктілігін арттыру курстарында дүнген ұлтты имамдар қазақ тілін үйренуде. Отанды сүю иманнан екендігін білетін имамдар мемлекеттік тілді үйрену үшін бар қажыр-қайраттарын жұмсауда!

Қазақ тілін үйрету үшін арнайы тағайындалған «Қордай аудандық тіл орталығының» маманы Анара Мұқашқызы өзге ұлтты имамдарға ана тіліміздің грамматикалық ережелерімен қоса күнделікті қолданыстағы мәміле сөздерін тәжірибе түрінде көрсетуде.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: