#ҚОРДАЙ: Қысқы спорттық турнирлер басталуда

#ҚОРДАЙ: Қысқы спорттық турнирлер басталуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында футбол сүйер қауым үшін қыстық додалар басталуда. Атап айтқанда футбол сүйер қауым үшін 40 жастан жоғары, 50 жастан жоғары, әрі тек қана мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жарыстар жүргізілуде. Одан бөлек жамағат арасында өтетін апталық футболдар қарқындылық көрсетуде.

40 жастан жоғары футбол сүйерлердің арасынан «МЕШІТ КОМАНДАСЫ» бірінші ойында «ҚОРДАЙ95» командасынан 1:2 есеппен жеңіліп, «ҚАРАСАЙ» ауылы командасмен есеп 6:6 шотпен теңдік көрсетті. Командалық ойынды ары қарай дамытқан «МЕШІТ КОМАНДАСЫ» қарсылас «СДДиА» командасын 2:1 есеппен жеңіп, үстемдік көрсетті.

Қыс маусымының соңына дейін жалғасатын спорттық додада барлық командалар мен ойыншыларға сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлердің ғана арасында өтетін жарысқа осы жылы бірінші рет «ТЕК ҚАНА ИМАМДАР!» командасы қосылып, имамдарымыз салауатты өмір салтын сақтау маңызды іс екендігін іспен дәлелдеуде!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: