Мексикада су қоймасы тартылып, астынан көне ғибадатхана шықты (ВИДЕО)

Мексикада су қоймасы тартылып, астынан көне ғибадатхана шықты (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мексиканың Чьяпас штатында орналасқан су қоймаларының бірі соңғы жылда құрғақшылықтың салдарынан 24 метрге дейін тартылып кетті. Бұл жайт елдегі шаруаларды айтарлықтай алаңдатқанымен, археолог-ғалымдар үшін қуанышты жайт болып отыр. Өйткені, көлдің тартылуы нәтижесінде оның түбінде жатқан көптеген жәдігерлер су бетіне шыққан. Солардың бірі 400 жылдық тарихы бар көне ғибадатхана деп хабарлайды The Independent.

Архитекторлардың айтуынша, ғимарат XVI ғасырда испан отарлаушыларымен салынған. Қазір су бетінде оның қабырғалары көрініп тұр. Ең биік тұсы - 10 метр, ғимараттың жалпы ұзындығы - 61 метр, ені - 14 метр.

Ғибадатхана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары су астына кеткен болатын. Себебі, оның маңына үлкен дамба салынған. Жергілікті ғалымдар бұған дейін де нысанның төбесі су бетіне шығып қалатын кездердің болғанын айтады. Дегенмен, дәл мұндай кескінді алғаш рет көріп отырмыз дейді олар.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: