Абай облысының имамдары «Шәкәрім қажы» мешітінде жылдық қорытынды жиын өткізді.
Жылдық есеп беру жиынын Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы ашып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, аудан, қала имамдарының және ҚМДБ бекіткен 5 бағыт бойынша жауапты өкілдердің есебін тыңдады.
«Біз дін қызметкерлері қандай жұмыс жасасақта, ең алдымен Алланың разылығы үшін жасауымыз керек. Көздеген мақсатымыз да бірінші Алланың, кейін халықтың игілігі үшін. Біздің жұмыстарымыз қоғамды ізгілендіруге, бірлікті нығайтуға бағытталуы керек», – деді бас имам.
Жиында имамдар мүфтият бекіткен 5 негізгі жұмыс бағыты: оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Сондай-ақ, келесі жылғы жұмыс жоспарына байланысты діни қызметкерлер ұсынысы мен өтініштері тыңдалып, ортақ жобалар түзілді. Кейін облыстың бас имамы Асқар Әбітайұлы биылғы жылдың жалпы есебін жариялап, кейбір бағыттар бойынша жас мамандарды жұмысқа тарту мен уағыз-насихат сапасын күшейту сынды нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиналыс соңында 2023 жылы ҚМДБ бекіткен барлық тапсырмалар бойынша қала, аудандар арасында үздік қызмет көрсеткен мамандар мен мешіттер марапатталды. Олар:
Үздік қала мешіті – «Тыныбай» мешіті
Үздік аудан мешіті – Үржар аудандық орталық мешіті
Үздік ер ұстаз – Арман Рүстемұлы
Үздік әйел ұстаз – Данагүл Төлегенқызы
Үздік ауыл имамы – Ақылбек Ахметқалиұлы (Үржар ауданы Ақжар ауылының имамы)