Қасиетті Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешіті 2016 жылдың Рамазан айына дейін толық жаңартылады. Кеңейту жұмыстарынан соң мешітте 4 000 000 мұсылман бір мезетте құлшылық жасайтын болады.
Айта кетсек, «әл-Харам» мешітіне бұған дейін 1 000 000 адам сиятын еді. Мешітті кеңейту жұмыстарына байланысты корольдік билігі бірнеше жыл қатарынан әлем елдерінен келетін қажыларға квота санын шектеп келді.
Сонымен қатар, Үлкен мешіт құрылысы аяқталған соң, Мәдина қаласындағы пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін кеңейту жұмысы да басталмақ. Жаңа жоба жемісті аяқталса, бұл мешіттің де сыйымдылығы бірнеше есеге артады.