Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға қасиетті төрт дін кітабындағы мәтіндерін экстремистік деп тануға тыйым салу туралы заң жобасын ұсынды. Бұл қатарда Құран мен Інжіл де бар. Президент Мемлекеттік думаға «Экстремистік қызметке қарсы тұру туралы» федералды заңға түзетулер енгізуді міндеттеді.
Ілгергі құжатта бірнеше қасиетті кітаптар мәтінін экстремистік деп таныған болатын. В.Путин енгізген заң жобасында «Інжіл, Құран, Танах пен Ганджур кітаптары экстремистік материал болып танылмайды» деген өзгеріс бар. Аталмыш норманы Ресей басшысы заңның арнайы бабында көрсетуді талап етті.
Еске сала кетсек, осындай бастамамен Шешен республикасының депутаты Шамсаил Саралиев те мәлімдеме жасаған еді. Ол Мемлекеттік думаға «қасиетті қолжазба мәтіндері – әлемдік діндер кітабы» дін кітаптарын экстремистік деп тануға қатысты заң жобасын ұсынып, оған көптеген депутаттар қол қойды.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

