Сауд Арабиясы «әл-Харам» мешітінің кеңейтілуіне байланысты кіші қажылық визасы көлемін арттыратынын хабарлады. Қажылық істері министрі Бандар әл-Хаджардың айтуынша, алдағы бес жылда ұмра қажылығы квотасы үш есеге дейін көбейтілмек, деп жазады Saudi Gazette.
Министрлік 2016 жылы 1,25 млн қажы ұмра қажылығына келеді деген болжал айтуда. Қазіргі уақытта құзырлы мекеме ұмра қызметін ұйымдастырушы компаниялармен қараша айында өткізілетін кіші қажылық маусымына байланысты мәселелерді талқылау үстінде.
Жаңа қажылық маусымында ұмра визасы арнайы веб-порталдарда тиісті қызмет арқылы да берілетін болады. Осылайша қажылыққа келу мәселесі санаулы минуттарда шешімін таппақ.
Сауд Арабиясы деректеріне сүйенсек, 2013 жылы ұмра қажылығына 5 млн виза берілсе, 2014 жылы – 6 млн бөлінген. Биыл да виза көлемі 6 млн-ды құраған.
Ал 2016 жылы виза мөлшері 10 млн-ға жеткізілмек, осы қарқынмен 2018 жылы – 60 млн-ға да көтеру көзделіп отыр.


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

