Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.
Қайырымдылыққа әрдайым ашық Жаңа Жол ауылы "Күнту Баба" мешітінде Республика күніне орай мұқтаждарға көмек көрсету шарасы ұйымдастырылды. Мешіт имамы Б.Ауесбаев үш отбасыға көмекке азық-түлік жеткізіп, алғысын естіп қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

