Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен Республикалық кітапханашылар күніне орай мешіт сөрелері Құран кәрімнің қазақша 100 данасымен және арабша 100 данасымен толықтырылды.
Пайғамбарымыз (с.а.с): Менен естігендеріңнің бәрін, тіпті Құранның бір аятын болса да басқаларға айтып жеткізіңдер деген. "Мешіт кітапханасындағы Құран оқып, жамағаттың көкірек көзі ашылсын. Алла Тағала баршамызға Құран оқып, амал етуді нәсіп етсін!" - дейді имам.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

