Республика күні - ұлттық рухты көтеретін күн. Бұл дата еліміздің егемендігі жолындағы тұңғыш қадам жасалған күн болғандықтан да Ұлттық мерекелер тізімін бастап тұр. Яғни Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы.
Маңызы күннің жүгін балаларға сіңдіру үшін Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінің имамы Республика күніне орай 1 сынып оқушыларына және ұстаздарға ауыл азаматтарының демеушілігімен сый-сипаттар арқалап барып, құттықтап қайтты. Отанды сүю жайлы насихатын айтып, сыйлықтарын табыстап, айтулы мерекеге маңыз берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

