Қайырымдылық дегеніміз - өзіңдегі бар жақсылықты, бақытты өзгемен шынайы әрі риясыз көңілмен бөлісе алу. Ол материалдық немесе моральдық тұрғыда болсын, бастысы шын ниетпен жасалынған әрбір қайырлы амалды қайырымдылық деп білеміз. Бұл игі іс қайтарымсыз негізде көрсетілетін көмекке мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады.
Осындай игілік Сауытбек ауылы "Асайын калпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйытқы болуымен жасалды. Ауыл тұрғындарына жомарт жандардың демеушілігімен 70 қап пияз таратылды.
Күнделікті асқа міндетті түрде қосылатын бұл астық үшін тұрғындар разылықтарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

