Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірінен қазақша мәуліт оқылды. Мәулітті мешіт имамы Аят қажы Дыбысұлы оқыды.
Мәуліт оқылған соң жамағатқа ұзыннан ақ дастархан жайылып, қасиетті зәмзәм суы таратылды. Аят қажы Дыбысұлы Алла елшісінің өнегелі ғұмыры жайлы насихат айтты. Ақсақалдар батасын беріп, жамағат ризашылығын білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

