Алла Тағала таза, барынша таза құлдарын жақсы көреді. Ислам діні тазалықты екіге бөледі. Ол – сыртқы және рухани тазалық. Мұндағы сыртқы тазалықтың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Мысалы, отырған жердің тазалығы, киімнің тазалығы, дененің тазалығы, ішер астың тазалығы, т.б.
Республика күніне орай Шу ауданына қарасты барлық мешіттерде мереке қарсаңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіттің іші-сырты, дәретхана мен қосалқы ғимараттары толық тазаланды. Сауапты іске мешіт жамағаты мен шәкірттер атсалысты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

