#Шу: "Бірлік" мешітінің жанынан жаңа асхана қолданысқа берілді

#Шу: "Бірлік" мешітінің жанынан жаңа асхана қолданысқа берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Бірлік ауылы "Бірлік" мешітінің жанынан жаңа мешіт асханасы ашылды. Ауыл имамы Медет Жұматаевтың ұйытқы болуымен кәсіпкер азаматтар, жастар, ауыл ақсақалдары ғимарат құрылысын бастаған болатын. 

Бірлікпен жасалған тірліктің нәтижесі ретінде ғимараттың лентасы қиылып, қолданысқа берілді. Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев мен "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы арнайы келіп қатысты. 

Шара барасында әкім орынбасары мен имам көпшілікке құттықтау айтып, жылы лебізін білдірді. Асханада бірінші рет көпшілікке ас берілді. Бірлік мешітінің имамы ауыл әкімі мен орынбасарына шапан жауып, құран кітабын сыйлады. Талғат имам жиында қияметке дейін тоқтамай келіп тұратын сауаты амалдар туралы уағыз айтты. 

Ақжаулықты апалар шашуын шашып мерекенің сәнін келтірсе, ақсақалдар батасын берді. Астан кейін ауыл тұрғындары арасында фуртбол турнирі өтті. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: