Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінен құрылған дін саласындағы аудандық ақпараттық түсіндіру тобы орталық базардың сауда қызметкерлеріне «Онлайн діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауданның орталық базарына барған түсіндіру тобы халықты жат ағымнан аулақ болу шақырды. Ақпараттық заманда дінді әлеуметтік желіде сенімді, дұрыс деп танылған сайттардан және жергілікті мешіт қызметкерлерінен үйренуге үндеді.
Жиналған жұрт дінге қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі