Әрбір ұлттың өз мұрасы болатыны белгілі. Сол мұра ұрпақтан ұрпаққа ілесіп жетуінің сыры неде деген сұрақ туындайды. Оның сыры – отбасындағы құнылықтардың тәрбие негізіне айналуында. Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс.
Мұны насихаттау мақсатында Қ.Сатбаев мектебінде аналарға арналған діни кездесу жасалды. Ауыл имамы "Ұлттық құндылықтар отбасынан басталады" тақырыбында келелі уағыз айтып, аналарға терең ой салды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі