БАС МҮФТИ ШЕТЕЛДІК ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ШЕТЕЛДІК ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына келген шетелдік делегациямен кездесті.

Бас мүфти атап айтқанда, әл-Азһар исламдық зерттеу академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Әлназир Аяд, Дүниежүзілік Ислам Лигасы бас хатшысының орынбасары Шади Мұхаммед Салех Атия, Польша мүфтиі Томаш Мискевич, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Хамит Ишматбеков пен Кавказ мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Салман Мусаевпен жүздесіп, Астанадағы Республикалық бас мешітті таныстырды.

Зәулім мешіттегі сүбелі сұхбат барысында делегаттар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңызы жөнінде айтып, әртүрлі дін өкілдерінің басын қосқан қазақ еліне шексіз ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қонақжайлық танытып, мұндай алаңның әлем халқының өзара байланысына, тату өмір сүруіне оң ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ кездесуде мұсылман халықтары мен мемлекеттерінің байланысы тілге тиек етілді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: