#Байзақ: БАС ИМАМ АУЫЛДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: БАС ИМАМ АУЫЛДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Адамның арасын бұзып, қоғамның бірлігіне нұқсан келтіретін үлкен күнәлі істің бірі – ғайбат. Ғайбат – адамның сыртынан ол ұнатпайтын сөзді айту. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хұжырат» сүресі, 12-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Көп жаман ойға салынудан аулақ болыңдар! Шындығында ойлардың кейбірі – күнә. Бір-біріңді аңдымаңдар және бір-бірлеріңнің сырттарыңнан ғайбат сөз айтпаңдар! Әлде сендердің біреулерің өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әрине, сендер оны ұнатпайсыңдар. Алладан қорқыңдар! Шындығында Алла тәубені қабыл алушы һәм өте мейірімді», – деп, мұсылмандардың бір-бірінің сырттарынан ғайбат айтуына қатаң тыйым салған.

Бірде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларынан: «Ғайбаттың не екендігін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі», – дейді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ғайбат – бауырың туралы сыртынан ол ұнатпайтын түрде еске алып айтуың», – дейді. Бір сахаба: «Ал сондай сипат оның бойында болса ше?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер ол сен айтқандай болса, оны ғайбаттаған боласың, ал егер олай болмаса, жала жапқан боласың», – деп жауап береді», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: