ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛАЛ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛАЛ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында бекіткен жоспарына сәйкес «Халал Даму» ұжымы әр өңірде үгіт-насихат және аудит шараларын жүргізуде.

Осы мақсатта «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог мамандар Қызылорда облысына арнайы іс-сапармен барып, бірқатар маңызды шараларды өткізді. Жергілікті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен өткізілген жиынға қатысып, кәсіпкерлерге халал кәсіпорындар санын арттыру, отандық өнімдерді шет ел нарығына экспорттау, халал индустриясын дамыту секілді өзекті мәселелер ортаға салынды. Жиынға онлайн форматта шалғайдағы кәсіпкерлер де қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мешітке жиналған жамағатқа бірнеше күн бойы халал хақында уағыз-насихат айтылып, жергілікті қала, аудан, ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлеріне оқу-семинарлары өткізілді. Және де «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасында тікелей эфирде сұқбат берілді.

Іссапар барысында «Magnum» сауда орындары мен «KZO ET» қасапханалары, «As-mol», «Белес» тамақтану орындары, «Du-Du», «Buffet city», «Maki-maki», «Parapa pizza» фаст-фуд желілері, «Keremet-et» жартылай фабрикаттары, «Happy cake» кондитерлік цехына айлық аудит жүргізіліп, кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, Шиелі аудандық орталық мешітінің асханасы мен «Мүбәрак» дәмханасына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: