Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінде ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды үлестіру мақсатында ауданға қарасты ауыл имам-молдалары бас қосты.
Жиынға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы және «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы, аймақ жетекшілері мен ауыл имамдары мен молдалар қатысты.
Жиында Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларына алдағы келе жатқан жылдық есепке дайындық жұмыстарын тиянақты түрде жүргізу, онлайн насихат жұмыстарын күшейту, «Һибатулла Тарази» медресе колледжі шәкірттеріне ұшыр беру мәселелерін қарап, аймақ басшыларына тиісті тапсырмалар берді.



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

