Дұғасы қажылықта қабыл болған қария

Дұғасы қажылықта қабыл болған қария

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Палестина елінен келген қария Сауд Арабиясында қажылығын өтеп, Алланың тосын сыйына ие болды. Ол Меккеде ұзақ жылдар көз жазып, жоғалтқан бауырымен табысты. Арада 70 жыл өткен. Бұл жайында Al Arabiya хабар таратты.

Фатима әл-Хард туған бауырын осыдан 70 жыл уақыт бұрын жоғалтып, онымен қажылықта қауышамын деп әсте ойламаған екен.

«Мен оны енді көремін деп ойламадым. Бірақ әркез Алладан жалынып сұрайтынмын, жүрегімдегі үміт оты сөнбейтін. Алла бізді қауыштырды. Оның әйелі мен балаларымен таныстым. Алланың қажылықтағы бұл сыйлығы менің кеудемді қуанышқа толтырып жіберді» дейді Фатима.

Палестиналық қажылар болса Меккедегі екі апаттан – құрылыс кранының құлауы мен Минадағы уақиғадан аман қалуларын, ал қарияның бауырымен табысуын Алланың үлкен нығметі деп бағалады.

«Бізге бұл жыл қайырлы болды. Барлық дағдарыстан аман-есен өттік. Меккеге палестиналықтардың келуі – оңай шаруа емес» дейді Палестина қажысы Сами әл-Хусни. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: