Амман корольдігі Стратегиялық зерттеу ислам орталығы «Әлемнің ықпалды 500 мұсылман тұлғалары» тізімін жариялады. Аталмыш зерттеу 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді.
Көш басын Иордания королі Абдалла II әл-Хусейн бастап тұр. Екінші орында «әл-Әзһар» университетінің жоғары шейхі Ахмад Мұхаммед әл-Таиб. Үшінші орында Сауд Арабиясы королі Салман ибн Әбдел Әзиз.
Мұнан әрі тізімді Иран ислам республикасының көшбасшысы Аятолла Сайид әл Хаменей жалғастырады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тізімінің 9-шы қатарында. Бұл қатарда Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркменстан басшысы Гурбангулы Бердымұхаммедов, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та бар.