Бішкекте Орта Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтеруде

Бішкекте Орта Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтеруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қырғыз астанасында бой көтеретін мешіт Орта Азияның ең үлкені ғибадат үйі саналмақ. Қырғызстан тәуелсіздігін алған жылдардан бері Түркия республикасымен, Түркия дін істері басқармасымен және Түркия діни қорымен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеді. Бұл жайында Түркия дін істері басқармасы діни қызмет көрсету жөніндегі Бішкектегі орталығының кеңесшісі Орхан Генч мәлім етті.

«Осы уақыт аралығында Қырғызстанда бірнеше мешіт бой көтерді. Қазіргі уақытта біз Орта Азиядағы ең үлкен мешітті тұрғызу үстіндеміз. Мешіт іргетасы 2012 жылы құйылды. Ғимарат Осман үлгісінде болмақ» деді ол.

«Құрылысқа жергілікті және Түркиядан жеткізілген заттар қолданылады. Осыған байланысты құрылыс қарқыны баяулау жүруде. Дегенмен, мешітті 2017 жылдың Құрбан айт мерекесіне дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мешіт еш күмәнсіз Қырғыз елінің көрікті, сүйікті орнына айналады деп сенеміз. Бұл Түркияның Қырғыз халқына сыйлығы болмақ. Құрылыс толығымен Түркия елінің қаражатына жүргізіледі. Осы мешіттің бой көтеруі Түркия мен Қырғыз елінің бауырластығын арттырады» деді Орхан Генч.

Мешіт көлемі 35 га аумақты қамтиды. Онда діни қызмет көрсетуші консультатвитік орган және мүфтият ғимараты да қоныс теппек. Аталмыш мешітте бір уақытта 20 мың мұсылман намаз оқитын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: