Мекке қаласының хатшысы Усама Зайтун қаланың 6 мазаратынан Минада қаза тапқандарға арнайы орын бөлінгендігін жеткізді.
Қазіргі таңда аталмыш азаматтардың денесі жер қойнына табысталды. Мекке хатшысы хабарлағандай, мәйіттің денесін жерге қоймас бұрын оның отбасынан алдын ала рұқсат сұрап, көму рәсіміне қатысамыз десе, елге келуге барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты.