ДИХАНШЫЛЫҚ – АДАЛ КӘСІП

ДИХАНШЫЛЫҚ – АДАЛ КӘСІП

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

,

Бисмилләһир-Рaхманир-Рохим

«Дихан бабаның кетпенінен, Шопан бабаның таяғынан», демекші, диханшылық тарихы терең үлкен ғылым. Оны зерттейтін «Агрономия» ғылымы. Егін егу, диханшылық Адам ата жаратылғаннан бастау алады. Әрі кәсіп, әрі-сүннет. Пайғамбарлардың бәрі де күнкөріс үшін еңбекпен айналысқан. Адам ата бидай өсірген, диірменмен ұн тартып, нан пісірген. Абул Хасан Мауарди өзінің «Дүние және дін әдебі» кітабында: «Кәсіптің негізгі тірегі үш нәрсеге байланысты. Олар – диханшылық, сауда және өнеркәсіп. Егін шаруашылығы – ең таза және пайдалы кәсіп», - деп түйіндепті.

Дініміз маңдай термен табыс табуды Алла жолындағы іске теңейді. Құран Кәрімнің көп аятында еңбек ету әрдайым иманмен бірге қосарланып келіп, екеуі бір-бірімен ажырамас ұғымдар екендігі  баса айтылған.

         Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзін көрген Әбуд-Дәрда (р.а.) қартайған шағында Дамаск қаласында жеміс көшетін отырғызып жатса, оны бір кісі көріп: «Қартайып қалдыңыз ғой дегендей ишаратпен, мұны не үшін істеп жатсыз?» - деп сұрапты. Сонда Әбуд-Дәрда оған: «Бізден бұрын келгендер көшеттер отырғызды, біз оны пайдаландық, жемісін жедік. Ендігі, егу, өсіру кезегі – біздікі: Оны келесі ұрпақ пайдаланады, жемісін қорек етеді. Мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бір мұсылман ағаш отырғызса немесе егін ексе, ол егістіктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі», - дегенін естігенмін, - деп жауап береді.

         Бұл хадистер көшет егу, диханшылықтың маңыздылығын баяндайды. Ислам діні бойынша, диханшылық жасаудың пайдасы осы өмірілік қана емес, о дүниеде де пенденің пайдасына садақасы ретінде кері қайтады. Әрі диханшылық жасау, егін егу, жеміс көшетін, тал, гүл отырғызу, оны суғару, күтім жасау – ғибадат-құлшылық. Егінші өзін ғана ойлап қоймай, ол жұрт игілігі үшін әрекет жасап, жақсылықты арттыруға көмектеседі.

         Ислам діні тек мінәжат етуден тұрмайды. Ол барша тіршілік иелеріне, яғни адамдарға, жан-жануарларға, тіпті өсімдіктің өзіне рақымдылық танытуға, сүйіспеншілікпен мәміле жасауға бұйырады. Ендеше табиғатты аялап, оны таза ұстау, жер бетін абаттандыру әр бір адамның борышы. Кәсіпті Алладан келген нәсіп екенін бағалап, адалынан жүргізе білсек екі дүниеде де жақсылыққа кенелеріміз сөзсіз.

         «Дихан адам дән шашар, ел-жұртына нан шашар», - деген ата-бабамыз еңбекқор болуды, адал кәсіпті осылай әдемі өрнектеп мақал-мәтелмен ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, аманат етіп тапсырды. Ендеше сол аманатқа қиянат жасамайық.

         Қазіргі қоғамда елімізде су тапшылығы қатты кедергі болып тұр. Үкіметіміз арық-атыздарды тазалауға көп қаражат бөліп жатыр. «Судыңда сырауы бар» деп, ата –бабамыз айтпақшы, суды үнемдеуге, арықтарымызды таза ұстауға шақырамын. Баршамыз келер ұрпаққа үлгі-өнеге болуымыз керек.

Баршамызға Алланың амандығы болсын!

Кенбаев Ахмет Жетпісбайұлы,

Байзақ ауданы,

«Аққия» ауылдық мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active