Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығын аралады.
Орталық қызметкерлері Бас мүфтиге халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау бағытында атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар орталыққа қойылған құнды жәдігерлермен таныстырды.
ҚМДБ Төрағасы қолөнер шеберлерінің еңбектерін көріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Бас мүфти іс-шара барысында дініміз бен дәстүрімізге сәйкес сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.
«Біз кеше ғана мүфтият жанынан «Дін мен дәстүр» бөлімін аштық. Мақсатымыз – әдет-ғұрпымызды насихаттау жұмысын жандандыру. Бұл бағытта сіздермен ортақтаса отырып, ел игілігі үшін қызмет ете береміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пікірлер (0)