Саудия Ислам істері және уақф министрлігінің бастамасымен қажылық парыздарын өтеп, еліне қайта бастаған қонақтарға 2 млн қасиетті Құран кітабын сыйлық ретінде тарату ұсынылды.
Қазіргі таңда Жидда мен Мәдина әуежайларында теңізге шығатын порттарды қосқанда барлығы 50 нысанда Құран кітаптары таратыла бастады.
Сыйлыққа ұсынылған Құран кітаптары бірнеше тілге, атап айтқанда, урду, ағылшын, француз, малай және т.б. тілдерге аударылған. Бұдан бөлек, қасиетті кітаппен қатар ислам шариғаты туралы жазылған аудио таспалар да тегін таратылатын болады.