Аты аңызға айналған, әлемнің 3 дүркін чемпионы Мұхаммед Әли «Ізгілік» марапатына ие болды. 73 жасқа таяған Әли ұзақ уақытты араға салып аталмыш марапатты тапсыру салтанатына қатысты.
Еске сала кетейік, белгілі боксшы 1964 жылы Ислам дінін қабылдап, өзінің Кассиус Клей есімін Мұхаммед Әли деп өзгертті. Өз өмірінде ол үш рет ауыр салмақта әлемнің чемпионы титулын алған. Сондай-ақ, әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың марапаттарына ие болған. Мұхаммед Әли ауқымды көлемдегі қайырымдылық істеріне де ұйытқы болып келеді.