Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу орталық мешітінің ашылу салтанатына қатысып, баяндама жасады. Ресей басшысы өз сөзінде ислам діні елдегі дәстүрлі сенім мектебі екенін жеткізді. Бүгін де Ресейде мұсылман қауымына арналған мәдени-рухани ғимараттар көптеп салынуда дейді ол.
В.Путиннің айтуынша, дәстүрлі діннің мұсылман жастарын тәрбиелеудегі маңызы зор. Ол шынайы ислам бейбітшілік пен мейірімге шақыратынын айтып, бүгінгі күнде исламға жағылып отырған жалған дүниелердің шын мәнінде Хақ дінмен еш қатысы жоқтығын атап өтті. Бұл әсіресе өздерін «Ислам мемлекеті» атап алған ИШИМ террористік ұйымына қатысты.
«ИШИМ террористері ислам дінінің абыройын төгуде, бейбіт тұрғындар мен адамдардың, оның ішінде дін ғалымдарының да қанын төгіп, қоғамның ыза-кегін тудырып отыр. Олардың идеологиясы тек жалған дүниелерге құралған, ислам құндылықтарын жеккөрінішті етіп көрсетуге күш салуда» деді ол. В.Путин өз баяндамасында Ресей мұсылмандары дінбасыларының діни экстремизм насихатына қарсы аянбай күресіп отырғанын атап өтті.