Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде «әйел-қыздар» секторының жетекшісі, мешіт ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен «мектепке жол» қайырымдылық науқаны өткізілді.
Аталған игі іс-шарада 10 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмке үлестірілді. Қайырымдылық науқанға 80 мың теңге қаражат жұмсалған. Көмек алған отбасылар мешіт ұжымына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



09 Маусым 2026
23 Зуль-хиджа 1447

