Нигерия республикасының Осун үкіметтік штаты болашақ қажыларға темір жол арқылы қажылық билеттерін толықтай тегін қылуды жоспарлап отыр.
Ел билігі осылайша қажыларға қаржылай демеушілік білдірмек ниетте. Бұл мақсатта арнайы қажылар пойыз рейстері де ұйымдастырылмақ деп жазады Ансар.ру.
Тегін пойыз бағыттарын ашу туралы шешімді Осун губернаторы Абдур-Рауф Арегбесола қабылдаған.
Сонымен қатар, қажыларға ішкі рейстерге де тегін жүру қарастырылып отыр. Айта кетерлігі, қажылармен қоса ішкі бағыттың тегін жол жүру құқы өзге де сенім иелеріне берілмек.