Австралияның Каттанинг қаласында мұсылмандарға арналған арнайы «Сенім, Сән, Бірлік» атты киім көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмені ұйымдастырушылар: «Біз мұндай көрме арқылы мұсылмандардың өзгелер секілді сәндік киім кие алатынын көрсеткіміз келді. Сонымен қатар мұсылман қыз-келіншектердің де қолынан көп нәрсе келетінін паш еттік» дейді.
Аталмыш сән көрмесіне ұсынылған киімдер заманауи білікті дизайнерлердің қолынан шыққан. Сондай-ақ,мұсылман қыз-келіншектер үшін өте сәнді әрі жинақы киімдер ұсынылды. Осылайша, көрмедедизайнерлер тарапынан мұсылмандық киім үлгісін тігу тәжірибесі алмасылды.