#Талас: Зерделеу жұмыстары жүргізілді

#Талас: Зерделеу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы  Жалғас Дүйсенбайұлы Талас ауданындағы мешіттерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, бас имам Кеңес ауылдық округі, Көшек батыр ауылына имам тағайындау мәселесіне арнайы ат басын бұрған болатын. Ауыл тұрғындарының арасынан ықыласы бар жастарды осынау ұлы қызметке тарту бойынша өз ұсынысын білдіріп қайтты.

Жолай басқа да ауылдардың діни ахуалымен танысып шыққан ауданның бас имамы алдағы уақытта кадр қою мәселесінің бір арнаға түсетіндігін ашып айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: