Жамбыл облысы, Қордай ауданы аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен әжелер алқасының мүшелері "Отбасым-бақыт мекенім" атты рухани кеш өткізді. Кеш Құран оқумен ашылып, әжелер бата берді. Жиынға Тараз қаласы "Һибатулла Тарази" мешітінен әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Жазира Полатбекқызы мен Жібек Болатбекқызы қатысты.
Кеште ұлттық дастархан жайлып, ән, монолог айтылды, әжелер алқасы мүшелерінің қатысуымен қойылымдар көрсетілді.
Аудандық орталық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

