Талха ибн Ұбайдулла (р.а.) келтірген: «Бірде Алла Елшісіне (ﷺ) жолығуға Нәжид тайпасынан бір кісі келді. Ашулы екен. Дауыстап сөйледі. Біз дауысын естігенмен, не деп жатқанын түсіне алмадық. Ол Алла Елшісінің (ﷺ) қасына жақындап, Ислам жайында сұрақтар қоя бастады. Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Алла бір тәулікте бес уақыт намаз оқуды парыз қылды». Нәжидтік кісі «Алланың маған парыз еткен басқа намазы бар ма?» деді. Алла Елшісі (ﷺ): «Жоқ, бірақ қаласаң, нәпіл намаздар оқуға болады» деді.
Артынан Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деді: «Алла Рамазан айында оразаны парыз қылды». Нәжидтік кісі «Алланың маған парыз еткен басқа оразасы бар ма?» деп сұрады. Алла Елшісі (ﷺ): «Жоқ, бірақ қаласаң, нәпіл ораза ұстауыңа болады» деді. Артынан Алла Елшісі (ﷺ) әлгі кісіге зекетті де түсіндірді. Ол алдыңғы сұрақтарын қайталап, зекеттен басқа парыз бар-жоғын сұрады. Алла Елшісі (ﷺ): «Жоқ, бірақ қаласаң, қосымша қайыр-жақсылықтар жасауыңа болады» деді. Нәжидтік кісі Алла Елшісінің (ﷺ) қасынан кетіп бара жатып «Аллаға ант етейін, дәл осыны істеймін, қысқартпаймын да, қоспаймын да» деді.
Оның осы айтқанын естігенде Алла Елшісі (ﷺ): «Егер айтқанын орындаса, құтылады» деді. Осы оқиғаның Әнас ибн Малик (р.а.) арқылы жеткен түрінде Алла Елшісінің (ﷺ) жауабы былай «Егер айтқанын орындаса, міндетті түрде Жұмаққа барады».