#Меркі ауданы: Қызылқыстақ ауылы «Мектепке жол» науқаны

#Меркі ауданы: Қызылқыстақ ауылы «Мектепке жол» науқаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылдық «Әл-Кәрим» мешіті жаңа оқу жылының басталуымен, ҚМДБ-ның бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» науқанын ұйымдастырды.

Игі қасиеттерді негізге ала отырып, мешіт жамағаты ауылға қарасты 22 оқушыға білім алуға қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Атап айтсақ, 1-4 бастауыш сынып оқушыларына сөмке, 10 математика, 10 жазу дәптер, күнделік, сурет дәптер, түрлі түсті қалам, сызғыш, өшіргіш және 2 қаламсап, ал үлкен сынып оқушыларына сөмке, 10 математика, 10 жазу дәптер, шеңберлегіш (циркуль), 2 қара қалам, сызғыш, өшіргіш және 2 қаламсап таратты.

Осы игі іске демеуші болған, ізгілікке жаны құштар ағаларымызға айтар алғысымыз шексіз! Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, Алла жолында жұмсаған әрбір дүниесінің орнын еселеп, берекелі етіп толтырып, сауаптан жазғай! Алла Тағала елімізден, жерімізден діни және дүнияуи білімді де білікті азаматтардың көптеп шығуын нәсіп етсін!


Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: