СҰРЫПТАУ БЕКЕТІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

СҰРЫПТАУ БЕКЕТІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысына қарасты Сұрыптау бекетінде жаңадан салынған «Қамзе ата» мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұы, Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы және Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысты.

Сұрыптау бекетіне қажырлы еңбегі сіңген қоғам қайраткері Қазме Жарасұлының есімі берілген құлшылық ордасының ашылу рәсімінде Сансызбай Құрбанұлы арнайы сөз алып: «Аллаға шүкір, Қарағанды облысында мешіттеріміздің қатары көбейіп келеді. Мешіт – мейірімділік мекені, руханияттың ортасы. Қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін мектеп. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін» деді.

Өз кезегінде Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мешітті бастап салушы, құлшылық үйінің толықтай құрылыс жұмыстарына демеушілік етіп, игі істің басы -қасында жүрген Қанат Қамзеұлына ризашылығын білдіріп, Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді.

Мешітке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бауыржан Мейімбекұлы тағайындалды. Облыс бас имамы бұған дейін Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде қызмет еткен имамды жұма намазына жиналған жамағатқа таныстырып, еңбегіне береке тіледі.

Айта кетейік, Сұрыптау бекетінде бой көтерген жаңа мешітте 1 500 адам еркін ғибадатын өтей алады. «Қамзе ата» мешітінде намаз залынан бөлек, дәрісхана, имамдар бөлмесі мен Құран оқу бөлмесі, ерлер және әйелдер дәретханасымен және асханасымен қамтылған.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: