Тараздық "Құран қарилары" курсында тағы 2 шәкірт қари атанды

Тараздық "Құран қарилары" курсында тағы 2 шәкірт қари атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде "Құран қарилары" курсының тағы қос шәкірті қари атанды. Жас қариларды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев намазда алдынғы сапқа отырғызып, 3000-нан астам жамағаттың алдында сертификатпен марапаттады.

Ашылғанына көп болмаса да Тараздық Қарилар курсы осымен 8-ші және 9-шы қариларын жамағатқа таныстырып үлгерді. Көпшілік алдында хабарландыру жасап, курстан тағы қари шықты деген сәтте жамағат "Аллаһу әкбар" деп қуанды.

Абдықадыр Рамазан 2021 жылы ақпан айынан бастап, 2023 жылдың тамыз айы аралығында яғни 2 жыл ішінде Құран жаттап шықты. Екінші  түлек Амангелді Жансерік Аманханұлы 2022 жылы ақпан айынан бастап, 2023 жылы тамыз айында яғни 1 жылда толық жаттап шықты.

Жастар жамағат алдында үлкендердің батасын алып, көпшілік құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Тіпті жұмадан соң әйелдер жамағатынан апалар да бірінен соң бірі келіп, бата беріп, өз балалары Құран жаттағандай қуанысып жатты. 

"Құран жаттағанда қандай қиыншылықтар болса да, ұстаздарымыз "Мұңайып сынбаңдар! Мұнда сынақтар көбейеді, әрбір аятты жаттаған сайын дәрежелерің өседі" - деп мотивация беріп отырды. Ұстаздарымыздың төккен тері, рөлі, еңбегі ерен. Қарилардың шығуына септігін тигізіп жатқан, қарилар десе бүйрегі бұрып тұратын Бейбіт Әліпбекұлы мен ұстаздарымызға зор алыс білдіреміз. Облыс бойынша 8-9-шы қари болғанымызбен туып-өскен жерімізде тұңғыш қари атанып отырмыз, бұл үлкен қуаныш" - деп атап өтті қарилар. 

Сонымен қатар: "Үш күн бұрын Құранды аяқтағанда онша сезім болған жоқ. Бірлік ұстазымызбен шүкір намазын оқып, Бейбіт ұстаздың батасын алдық. Ал дәл бүгін сертификат табыстаған сәтте керемет әсер болды. Ауылда жүрген қарапайым қара домалақ балалардың қари атанып жетістікке жетіп жатқаны керемет сезім. Көзімізге еріксіз жас келді. ИншаАлла жаттаған Құранымызбен амал етуді Алла нәсіп етсін," - дейді қарилар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: