ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен Абай ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауына іріктеу сайысы өтті.
Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Құран сайысының әділқазылар құрамында белгілі ұстаз Кәмілжан қари Юлдашұлы, «Ықылас» қарилар орталығының директоры Ықылас қари Майлан, Нұрсұлтан қари Мамедалиев және Мейірбек қари Сәрсенбаевтар қатысып, төрелік етті. Ал сайысты шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен Берік Шотабеков жүргізді.
Құранды нақышына келтіріп оқып, жеңімпаз атанғандар төрт номинаия бойынша марапатталды. Жалпы Құран сайысына 110 қари қатысты.
1-орын Игілік Исламнұри;
2-орын Абдулбақи Сауранбекұлы;
3-орын Азимжан Әлжанов.
1-орын Абдулқаймов Садриддин;
2-орын Макан Айдын;
3-орын Жұманазар Ермек.
1-орын Жұманазаров Жәнібек;
2-орын Мұхаммед Али Шералыұлы;
3-орын Илашұлы Юсуф.
1-орын Мирзаев Раушанбек;
2-орын Сайд Билал;
3-орын Сағындық Ерасыл.
Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы биылғы жылы іріктеу сайысының бас жүлдегеріне «Тауаф» қажылық компаниясының ұмра қажылығына жолдамасын табыс етті. Басқа да жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сый-сыяпат мен алғысхат табысталды, ал төрт аталым бойынша бірінші орын алған жеңімпаздарға республикалық байқауға жолдамаға берілді. Бас имам игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.