Мекке инженері: «Бәрі Алланың қалауымен»

Мекке инженері: «Бәрі Алланың қалауымен»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меккеде орын алған апатқа байланысты кешегі жаңалықтар тізбесінде Сауд Арабиясы королі ауруханадағы зардап шеккен адамдармен кездескенін хабарлаған едік. Онда Салман Әбдил Әзиз король уақиғаның техникалық себептерін анықтайтынын айтып, істі тексеруді уәде еткен еді.

Осыған байланысты аталмыш аймақтағы құрылыс жұмыстарына жауапты инженердің ресми мәлімдемесі де көп кешікпей жария етілді. Мекке құрылысына жауапты компания инженері «әл-Харам» мешіті аумағында құлаған кранға қатысты өз пікірін білдірді.

Saudi Binladin Group компаниясының маманы кранда ешбір техникалық ақаулар болмағанын, алып машина өте жоғары дәрежедегі кәсіби біліктілік негізінде тұрғызылғанын атап өтті. Инженер кранның құлауын Құдайдың қалауымен болған деген тоқтамға келген.

Ал Мекке қаласы шариғат полициясы жетекшісі шейх Ахмед әл-Гамди уақиғаны Алла тағаланың сынағы деп білетінін, ендігі «болған іске болаттай» болып, мойынсұну керектігін мәлім етті.

Ислам дінінде адамның еркінен тыс, осы секілді ажал құшқандарға шаһид дәрежесі берілетіні айтылады. Сол себептен де болар, Меккеге ағылған миллиондаған мұсылман қауымы болған істі дауға айналдырмай, сабырлылық танытты.

Ал оқиға куәгерлерінің айтуынша, алып құрылыс техникасы найзағай отының түсуі себебінен жермен жексен болған көрінеді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: