Сауд Арабиясы билігі «әл-Харам» мешітінде құлаған кран апаты салдарынан 132 адам қаза тапқанын хабарлады. Ел бюджетінен қайғылы уақиғадан көз жұмған қажылар отбасына 300 000 риал өтемақы бөлінді.
Бұған дейін қаза тапқан қажылардың денесі осындағы бауырластық зиратына жерленетіні туралы хабарланған еді. Дегенмен, туыстары өз қалауларымен қайтыс болған адамның денесін туған жеріне алып кетуіне де болады. Барлық жөл-көлік қатынасы қызметіне қатысты жауапкершілікті Сауд Арабиясы толықтай көтеретін болады.
Ал қаза болғандардың 26-сы Иран, 20-сы Мысыр, 15-і Пәкістан, 12-сі Алжир және 8-і Түркия елінен келгені анықталды. Қалған қажылар туралы деректер ДНК сараптамасынан соң белгілі болмақ.