Қадыров Құранға тіл тигізген Прокуратураға қарсы тұрды

Қадыров Құранға тіл тигізген Прокуратураға қарсы тұрды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Оңтүстік Сахалин прокуратурасы мен сотына қатысты айтқан пікірінен айнымайтынын мәлім етті. Қадыровтың айтуынша заң органы өз кәсіби қызметі шеңберінен шығып кеткен. Олар тек Ресей мұсылмандарына ғана емес, бүкіл ислам әлеміне нұқсан келтіріп отыр.

Р.Қадыров қасиетті Құран аяттарына тіл тигізген соттың өзін жазалау керек деп мәлімдеді. «Құранға экстремистік деген шешім шығарған прокурорлар мен судялардың барлығын арандатушылар әрі шайтандар деп есептеймін. Олар өз қызметтерінің орнын білуі керек. Ресей заңы мен мүддесіне жұмыс істеудің орнына олар ақылға сыймайтын әрекеттерге барады. Тұрақтылық пен қауіпсіздікке өздері нұқсан келтіреді. Мен соттың шешіміне аппеляция бердім» дейді Шешен басшысы.

Айта кетсек, таяуда ғана Оңтүстік Сахалин соты «Аллаға құлшылық» кітабының материалдарын экстремистік деген шешім шығарған еді. Онда қасиетті Құран аяттарын Сахалин соты экстремистік деп танығаны баяндалған. Осыған байланысты Рамзан Қадыров сот шешіміне соңына дейін қарсы тұратынын жеткізді.

«Әлемнің 1,5 млрд халқы – мұсылман. Олар күн сайын құлшылықта «Фатиха» сүресін оқиды. Сонда осынша халықтың бәрі экстремист болғаны ма? Менің елім, әкем Ресей халқы үшін осы Құранды оқып, елін қорғаған. Бүгінгі экстремизм мен терроризм дертімен шешен халқы күрес жүргізіп келеді. Барлық ісімізде осы Құранды оқып бастаймыз» деген Қадыров Оңтүстік Сахалин соты мен прокуратурасына қатысты өз адвокатына тапсырма бергенін айтты. Құзыретті органдар аталмыш шешімді өзгертпеген жағдайда Шешен басшысы бұдан арғы жағдай қалай болатынын былайша мәлім етті. «Сот бұл шешімдерін қайтарып алмаса, мен өзіме жауап бере алмаймын. Іс заң жолымен шешімін таппаса мені қылмыскер санай берулеріңізге болады. Себебі, Құран мен үшін бәрінен артық. Кім Құранға тиісер болса маған осы ісі үшін жауап береді».

 

Айта кетсек, аталмыш сот шешімі мұсылман қауымымен қатар православтық шіркеу, қоғам қайраткерлері, тіптен кейбір исламофобтық пікірдегі белгілі адамдарың да наразылығын тудырған. Шешен басшысы Рамзан Қадыровпен бірге Ингушетия басшысы Жүнісбек Евкуров және Ресей мүфтилер кеңесі Соттың бұл әрекетін ақылға сыйымсыз деп бағалады. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: