Ұлыбританияда мектеп оқушылары ЖОО-на емтихан тапсыру нәтижесінде ислами мектептің оқушыларының көрсеткіштері басқаларға қарағанда жоғары дәрежеде болып отыр, деп жазады nbcnews.com ақпарат порталы.
Мұсылман оқушыларының басым көпшілігі математика мен ағылшын тілі пәндері бойынша үздік көрсеткішке жеткен.
2013-2014 жылғы емтихан тапсыру нәтижесінде де ислами 3 мектеп жоғары көрсеткішті көрсеткен болатын.
Алдағы уақытта, тұманды Альбион елінде ислами оқу орындарын көбейту көзделіп отыр.