Мьянма билігі ел азаматтарына өзінің дін өзгерту туралы ниетін алдын ала құзыретті органға хабарлап, оған арнайы комиссияның шешімін тосуы қажеттілігі туралы заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ Мьянма депутаттары некесіз қарым-қатынасқа тыйым салу туралы да арнайы заң қабылдады.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың шілде айында Мьянма билігі буддалық сенімдегі әйелдердің өзге діндегілерге тұрмысқа шығуына тыйым салған еді. Бұл шешім көптеген халықаралық құқыққорғау ұйымдары тарапынан қатты сынға ұшырады.
Human Rights Watch халықаралық ұйымы бұл заңнамаларды «әсіреұлтшылдық» деп бағалап, Мьянма үкіметінен елдегі діни азшылықты құрайтын қауым мен әйелдердің құқығын қорғауға шақырды.